Жаңалықтар

Жоспарға сәйкес мектеп психологымен кәсіптік бағдар беру педагогымен бірлесіп 11 сынып оқушыларына кәсіптік диагностика жүргізілді. Жоспарға сай 11сынып оқушылармен «Мамандық-менің болашағымның таңдауы» атты тренинг өткізілді.
Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру,өз-өзін тану аймағын кеңейту,кез-келген кедергіден шыға білу мақсатында жүргізіледі. Мен өскенде кім болам,қандай мамандықты таңдаймын деп көп ойланып толғанып жүреді.Мамандық таңдау өмірінің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсіндіру өзің айналысқан жұмысты таңдау ғана емес,өзің араласқың келетін ортаныда таңдау деген сөзді ұғындыру.Болашақ мамандықты дұрыс таңдауға нық сендіру.

Кәсіптік бағдар беру

Жоспар бойынша ерте жастан мамандықты анықтау мақсатында 1-2 сынып оқушыларына мамандықтар туралы түсінік берілді.
Мақсаты: 1-2 сынып оқушыларына мамандықтар туралы түсінік беру,оқушыларға қолдау көрсету,жоспарларын анықтау,мамандық таңдаудың қыр-сырларын меңгеру. Сондай-ақ өз қалаулары бойынша мамандықты дұрыс таңдай білуге баулу,мақсат қоя білуге икемділіктерін қалыптастыру.
Балалар қандай мамандықтарды біледі?
Дәрігер-адамдарды емдейді.
Мұғалім-балаларға білім береді.
Өрт сөндіруші-өртті сөндіреді.
Суретші-сурет салады.
Ата-аналар балаларға әртүрлі мамандықтар туралы айтып,өз таңдауында қолдау көрсетуі керек.Бала өзі қандай мамандықты жақсы көретінін түсініп,соған қарай таңдау жасауы керек.

Жоспар бойынша мектеп психологымен бірлесіп, 7-8сынып оқушыларына мамандықтар туралы түсінік беру жұмыстары жүргізілді. Оқушылар осы уақыттан бастап,болашақ мамандықтарын таңдай білу керек. Бұл жаста балалар өздерінің болашақтағы мамандықтарын таңдауға қызығушылық таныта бастайды. Оқушыларға мамандық дегеніміз не екенін түсіндіру керек. Мамандық-белгілі бір салада жұмыс істеп,белгілі бір кәсіби дағдыларды меңгеретін қызымет түрі.Мамандық дұрыс таңдау-бұл адамның болашағының негізі. Бұл процесс өте маңызды,өйткені дұрыс таңдалған мамандық адамды қуантады,ал қателік болашақта қиындықтар туғызуы мүмкін.

Кәсіптік бағдар беру

20.02 күні “МАМАНДЫҚ-БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ” тақырыбында қосымша білім беру педагогы Айнұр Қожықова мен 9,11-сынып жетекшілері Жанна Онгалыева мен Мейрамбек Султановтың ұйымдастыруымен мамандық таңдау кеші өтті.

#ТұрышМектеп
#Мамандық_таңдау_кеші

https://www.facebook.com/share/p/1EaZZYgija/?

Мектебімізде кәсіптік бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес, 8-сынып оқушыларының ата-аналарымен бірге “Анам-әкем жұмыста” атты бейнежазбалар әзірледі.
Мақсаты: Оқушылардың мамандыққа деген қызығушылығын, отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру, ата- анасын құрметтеуге, сыйлауға, ойын ашық айта білуге, өз пікірін қорғай білуге баулу. Еңбексүйгіштікке тәрбиелей отырып, ата- ананың еңбегін құрметтеу.

#ТұрышМектеп
#Әкем_анам_жұмыста

https://www.facebook.com/share/p/1AJgwKbhg9/?

Фотогалерея