


Мектеп тарихы
«Тұрыш» « мектеп-бөбекжай» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарихы
1961 ж 28 тамыз – Гурьев облысы, Маңғыстау аудандық атқару комитетінің шешімімен Сам бастауыш мектебі құрылды. Директоры болып математика пәні мұғалімі Шолтанов Есенбай сайланды.Мектепте 30-дан астам бала оқыды. 1962 ж — Сам сегіз жылдық мектебі болып жаңа кадрлармен толықтырылды. Директоры – Құспанов Құрмет, оқу ісінің меңгерушісі – Екібаев Жанбоз болып тағайындалды. Мұғалімдер:Шолтанов Есенбай,Оразалиев Ермекбай,Наурызбаев Қызылғұл, «Маңғыстаудың Макаренкосы» атанған Исабергенов Кенжеғұл,Тілеубергенова Ұштап,Өтетілеуов Қылыш,Рзаев Жеткізген,Балов Бақыт,Ережепов Фермебай,Нажмеденова Сания. Интернат меңгерушісі-Өтетілеуов Қылыш,шаруашылық меңгерушісі-Бөлтеков Ақораз болып қызмет етті.1962 -1963 оқу жылында Сам сегіз жылдық мектебін 20 оқушы бітіріп шықты – Сам орта мектебі жанынан типтік жүйедегі мектеп,интернат үйі салынып,пайдалануға берілді. Интернат меңгерушісі – Шолтанов Есенбай болып тағайындалды.1964 жылы – мектеп директоры болып, физика пәні мұғалімі Екібаев Жанбоз, оқу — тәрбие жөніндегі орынбасары – орыс тілі пәні мұғалімі Рзаев Жеткізген сайланды. Бұл жылдары итернаттағы бала саны 270-ке ,мектептегі барлық бала саны -453-ке жетті.
1965 жыл — мектеп директоры Екібаев Жанбоз «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен, 1966 жыл — «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, 1976 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. Ұзақ жылдар бойы ұлағатты ұстаз болған Екібаев Жамбоз туралы Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаев : «Мен негізгі мектепті тоғызыншы кластан бастап Үштаған мектебінде оқыдым.Сол жылдары Жанбоз ағай 8-9-10 сыныптарға сабақ берді.Сонда ең бір таң-тамаша қалатын ұстаздарымыздың бірі осы Жәкең еді.Ол сондай сырбаз киінетін,жинақы жүретін,әрбір қадамын аңдап басып,класқа өте бір мектепішілік тәртіппен кіріп,сол тәртіппен шығып,кез-келген 45 минуттың әрбір минуты өлшеулі тұратын.Өзіндік қалыптасқан әдемі жүріс-тұрысы бізді қатты қызықтыратын.Оның үстіне Жәкеңнің өмірде ешбір жерде мүлт немес ағат басатын мүмкіндіктері жоқтай көрінетін.Сосын сабақ түсіндіргенде кереметтей ұғымды тілмен ең бір қиын математиканың қағидаларын миға құйып бергендей қатты түсіндіретін.Ол кісінің сабақ өткізіп тұрған тұсында ұшып жүрген шыбынның ызыңы ғана естілердей тыныштық орнайтын,өйткені.оқушылардың бар зейіні тек қана оның жайлап сөйлеген қоңырқай үніне ауатын…,-деп ,жай ұстаз ғана емес,білікті басшы,саналы ғұмырын ел игілігіне сарп еткен Екібаев Жанбозды еске алады.
1966 – 67 оқу жылы – Сам орта мектебі болып қайта құрылып, алғашқы түлек 21 оқушы бітіріп шықты.1971 жыл-мектеп түлегі Дүйсенбаев Баймұханбет Мәдиұлы Маңғыстаудағы тұңғыш алтын медаль иегері атанды.1971-1976 жылдары Қазақ Мемлекеттік университетінің математика факультетінде оқыды.1976 жылы оқуды бітірген соң Гурьев педагогика институтының физика-математика факультетінің механика кафедрасына оқытушы болып орналасты.1979-1981 жылдары Қазақ Мемлекеттік университетінің аспиранты,1989 жылы физика-математика ғылымдарының кандидаты,сол жылдары Атырау педагогика институтының теориялық физика кафедрасына дәріс берді. 1990 жылы Алматы қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдары ғылыми зерттеу институтында физика бөлімінің меңгерушісіқызметінде болды.1992 жылы осы институттың директорының ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары және 1997-2007 жылдары Актау қаласындағы М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының директоры болып қызмет істеді.Мектептегі математиканың базистік бағдарламасын жасауға қатысты.Қазіргі мектептің 8-сыныбына арналған физика және астрономия оқулығы авторларының бірі.4 оқу нәне оқу әдістемелік құралдар авторы. Баймұхамбет Мәдиұлы –Бейнеу ауданының Құрметті азаматы,1993 жылы ҚР Білім беру ісінің үздігі ,2006 жылы Ы.Алтынсарин медалінің иегері және ҚР Президентінің Алғыс хатымен және Білім Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.Қаір Ақтау қаласындағы шетел тілдері колледжінің директоры ретінде қызмет атқаруда. Физика – математика ғылымдарының кандидаты.
1971 жыл – Сам орта мектебі Қазақстан Республикасындағы ең озат үлгі — тірек мектебі болып аталды. 1973 жылы педагогика ғылымдарының докторы, Қараев Жауымбай осы мектепті бітірді.1974-1978 жылдары Гурьев педагогика институтының физика-математика факультетінде оқыды.1978 жылы институтты қызыл дипломмен бітіріп, институттың матаматикалық анализ кафедрасына оқытушы болып орналасты.1982-1985 жылдары Қаз ССР ғылым академиясының Математика және механика институтының аспирантурасында оқып,1985 жылы физика-математика ғылымдарының кандидаты атығына диссертациясын қолданбалы математика саласы бойынша қорғады.1986 жылы Алматы қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдары ғылыми зерттеу институтының информатика лабораториясының меңгерушісі,1989-1992 жылдары директордың ғылыми істері жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасады.1990 жылы доцент атағы берілді.1992-98 жылдары Алматы қаласы педагог мамандар білімін көтеру және қайта даярлау институтының директоры,1995 жылы білім беру процесін ақпараттандыру мәселесі бойынша докторлық диссертация қорғады.Ғылым–көпшілік «Зерде» ғылыми методикалық «Информатика-физика-математика» журналдарының редколлекгия мүшесі, «Білім және еңбек» /Зерде/ журналының 1988 жылғы лауреаты,1997 жылы профессор дәрежесіне ие болды.1999-2003 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінде департамент директоры,2003 жылдан бастап Қызлар пед.институтының ректорының бірінші орынбасары.2007-2010 жылдары Маңгыстау облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.2010 жылы «Нұр Отан» ХДП маңғыстау облыстық филиялы төрағасының бірінші орынбасары,2012 жылы ҚР Білім және ғылым министрі кеңесшісі болып,осы жылдан бастап «Өрлеу» біліктілік көтеру ұлттық орталығының акционерлік қоғам басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс жасайды. «Құрмет» ордені және бірнеше медальдармен марапатталған.
1973 жыл – интернат меңгерушісі болып Қараев Сайлаубай тағайындалды. 1977 жыл –Екібаев Жанбоз денсаулығына байланысты басқа жұмысқа ауысып,мектеп директоры болып математика пәні мұғалімі Сақтағанов Сайын сайланды. Оқу — тәрбие жөніндегі орынбасары – химия пәні мұғалімі болып Жаңбыров Сұлтан , қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бердіханов Тұралхан тәрбие жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 1982 жыл – Сақтағанов Сайынның Ақжігіт мектебіне директорлыққа ауысуына байланысты мектеп директоры болып Қараев Сайлаубай тағайындалды. Директордың оқу — тәрбие жөніндегі орынбасары химия пәні мұғалімі — Бөлтеков Жексенғали,интернат меңгерушісі – Екібаев Байбол болып тағайындалды.
1984 жыл 1 қыркүйек – Бейнеу аудандық атқару комитетінің шешімімен мектеп жанындағы интернат жабылып, мектеп «Сам сегіз жылдық мектебі» болып қысқартылды. 1997 жыл – ауылдық жерлерде халықты тұрақтандыру мақсатында Бейнеу ауданы әкімінің шешімімен «Сам орта мектебі» болып қайта құрылды.1997 жыл – Қараев Сайлаубай денсаулығына байланысты директорлықтан босатылып, мектеп директоры болып Амантурлин Қалдан тағайындалды. Директордың оқу — тәрбие жөніндегі орынбасары — Бөлтеков Жексенғали.,тәрбие жөніндегі орынбасары тарих пәні мұғалімі -С.Болеубаева болды.
2003 жыл – Амантурлин Қалдан басқа салаға жұмысқа ауысып,мектеп директоры болып Қараев Қуанышкерей тағайындалды. Директордың оқу — тәрбие жөніндегі орынбасары — Бөлтеков Жексенғали,тәрбие жөніндегі орынбасары-С.Болеубаева болып жұмысын жалғастырды.2006-2012 жылдар аралығында мектеп директоры — Болеубаева Сәлима Анебайқызы , оқу ісінің меңгерушісі болып – Назарова Жиде болып сайланды,тәрбие жөніндегі орынбасары тарих пәні мұғалімі -Шаңгереева Анаргул болып қызмет атқарды.
2010 жыл – 11 сынып түлегі Теңізова Айтолған «Алтын белгі» белгісіне ие болды, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің экономика факультетінің мемлекеттік грант иегері. 2014 жылы аталған университетті қызыл дипломмен бітіріп,2014 жыл 25 август Қазақ экономика қаржы және халықаралық сауда университетінде кафедра лаборанты болып жұмысқа орналасты.2015 жылдың қаңтар айынан бастап,қазірге дейін АО «Нұрбанктің» Астана қаласындағы филиалында банктік операцияларды есепке алу бөлімінде кредиттік операцияларды есепке алу жөніндегі маман болып қызмет атқарып келеді.2015-2017 жылдары Айтолған Қазақ экономика қаржы және халықаралық сауда университетінде экономика ғылымдарының магистранты. 2012 жылы –мектеп Бейнеу аудандық әкімдігінің 25 мамыр № 76 қаулысы негізінде «Тұрыш балабақшасы» МҚКК-сімен қосылып, «Бейнеу аудандық әкімдігінің «Тұрыш мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды. Мекеме директоры – С.Болеубаева. Директордың оқу тәрбие жөніндегі орынбасары математика пәні мұғалімі,Жексенова Амангул тәрбие жөніндегі орынбасары- қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сұлтанов Мейрамбек болып тағайындалды. 11 жылдық мектеп,жанында 50 орындық балабақшасы бар.
2015-2016 оқу жылын 113 оқушы,31 мұғалім,4 тәрбиешімен аяқтады.Мұғалімдердің 26-сы жоғары білімді,5 –і арнаулы орта білімді,2-і жоғары санатты,11-і бірінші санатты, 10-ы екінші санатты,8-і санатсыз. Тәрбиешілердің 1-і жоғары білімді,3-і арнаулы орта білімді, 3-і екінші санатты,1-і санатсыз. Мектебіміздің физика пәні мұғалімі әрі жоғары санатты әріптесіміз Қараев Қуанышкерейдің жалпы білім беретін мектептің мұғалімдеріне арналған «Қазіргі білім берудегі техникалар мен технологиялар» атты оқу-әдістемелік құралы 2010 жылы Астана: «Арман-ПВ» баспасындабасылып шықты. 2013 жылы «Технологиялық амалдар негізінде оқытудың педагогикалық алғышарттары»тақырыбында Астана: «Арман-ПВ» баспасында екінші оқу-әдістемелік құралы жарық көрді.
2017 жылы Болеубаева Салима денсаулығына байланысты директорлықтан босатылып, мектеп директоры болып Ерсұлтан Саян тағайындалды. Директордың оқу — тәрбие жөніндегі орынбасары — химия пәні мұғалімі Сеңгірбекова Әслима ,тәрбие жөніндегі орынбасары-Сұлтанов Мейрамбек болып қызмет атқарды.
2019 жыл- 11-сынып түлегі Балманова Жанна «Алтын белгі» белгісіне ие болды.Бітірген жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік техналогиялар және инжиниринг университетінің аудит және есеп факультетіне оқуға қабылданды.
2019-2020 оқу жылында мектеп директоры болып Тлеулиева Даметкен тағайындалды. Директордың оқу — тәрбие жөніндегі орынбасары — Сеңгірбекова Әслима , тәрбие жөніндегі орынбасары-Сұлтанов Мейрамбек. Қазіргі таңда даярлықты қосқанда 119 оқушы білім алып, 38 мұғалім аталған білім беру мекемесінде қызмет атқарады. Мұғалімдердің 32-сі жоғары білімді, 6-ы арнаулы орта білімді, 5-і бірінші санатты, 4-і екінші санатты, 7-і педагог-зерттеуші, 8-і педагог-сарапшы, 5-і педагог-модератор санаттарына ие.Мектеп атауы 2021 жылы 5 қаңтарда «Тұрыш» «мектеп-бөбекжай кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
2021-2022 оқу жылында мектеп директоры Тлеулиева Даметкеннің орнынына директорлық қызметті көп жылдар осы «Тұрыш мектеп-бөбекжай кешеніде» мектеп директорының әдістемелік орынбасары болып қызмет жасаған Асыкбаева Несипхан Бишеновна атқаруда.Мектептің директордың оқу-тәрбие ісі орынбасары болып, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қарабатырова Жаңылхан Қуанышбековна мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Полатова Гулмира Ермековна тағайындалды.
Мектеп жанында 50 орындық балабақша жұмыс жасайды. Оқу жылы 120 оқушы және 42 педагогпен бастады.Педагогтардың 5-еуі арнаулы орта және 37-сі жоғары білімді,3-уі бірінші,5-уі екінші санатты,7-уі педагог -зерттеуші,10-ы педагог-сарапшы ,4-уі педагог-модератор санаты бар.
2022-2023 оқу жылында мектеп директоры болып мектеп директорының атқарушысы болып жүрген Асыкбаева Несипхан Бишеновна тағайындалды.Мектептің директордың оқу-тәрбие ісі орынбасары болып, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қарабатырова Жаңылхан Қуанышбековна мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Полатова Гулмира Ермековна жұмыс жасайды. Оқу жылын 124 оқушы мен 33 мұғалім болып бастады.Педагогтардың жоғарғы білімдісі-32, арнаулы орта білімдісі -1-еу.І санаттысы-3,ІІ санаттысы -1, педагог зерттеушісі-6,педагог,сарапшысы-10,педагог-модераторы-5 ,санатсызы-8 болды.
2023-2024 оқу жылында мектеп әкімшілігінде өзгеріс болған жоқ.Оқу жылын 122 бала болып бастап,124 бала болып аяқтады.Педагогтар саны -32 болды: педагог-модератор саны-12,педагог-сарапшы саны-9,педагог-зерттеуші саны -4,педагог-шебер саны-0, санатсыздардың саны- 7.Жоғары білімді педагогтар саны-30,арнаулы орта білімді саны -2 .
Директор: Н.Асыкбаева

