


Жаңалықтар






“Қызық quiz” білімділер сайысы
Таңғы жаттығу

“Спорт-біздің досымыз” спорттық сайыс








🧅🥕🥔КҮЗГІ ЖӘРМЕҢКЕ🍉🥒🥬
Мектебімізде 19 қараша күні педагог ұйымдастырушы Саулеева Апуаш апайымыздың ұйымдастыруымен «Еңбегі адал — жас өрен жобасы аясында 5-11 сыныптар арасында»Күзгі асар” жәрмеңкесі өтті. Оқушылар жәрмеңкеге тәтті тағамдарын ұсынды, жақсы дайындықпен келіп, бірлесіп жұмыс жасады.
Мақсаты:Оқушыларды еңбеке, қайырымдылыққа, молшылыққа,
жауапкершіліке, дұрыс тамақтануға тәрбиелеу. Сонымен қатар, адамдармен қарым-қатынас жасай білуге, көпшілдікке, жақсы тіл табысуға, жылдам есептеуге бейімдеу.





25 қазан Республика күніне орай мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен “ЕГЕМЕН ЕЛІМ-ҚАЗАҚСТАН” тақырыбында мерекелік шара өтті. Ұлттық мерекемен барша қазақ елін құттықтаймыз🇰🇿🇰🇿

Бүгін 13.11 күні оқушылардың қауіпсіздігін нығайту мақсатында ұйымдастырылған “ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ” науқаны аясында Бейнеу ауданы ПБ ЖПҚб ЮПТ КТІЖ УПИ полиция капитаны К.Турамбаева келіп ата-аналар жиналысын өткізді. Жиналысқа мектеп ұжымы да қатысты. ДТІЖО бала қауіпсіздігін нығайту шаралары бойынша жасалып жатқан жұмыстарды таныстырып өтті. Ата-аналар өздерінің сұрақтарын қойып, қойылған сауалдарға жауаптарын алды.


